СЭБК: ӨНІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСТАМЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕДІ

СЭБК: ӨНІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСТАМЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕДІ

14.02.2025 23:54:18 781

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тамақ өнімдерін бақылаушылық сатып алу шеңберінде 10 491 өнім үлгісін зерттеді, оның 31%-фы (3 245 сынама) тамақ қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкес келмеді. Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде сауда желісінен 5,5 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім алынды.

Мониторингтің нәтижесінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз онлайн-сауда арқылы ББҚ-ны іске асыратын әлеуметтік желілердегі 1 495 ресурста жарнама анықталды және жойылды. Мәселен, Санитаиярлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бастамасымен «Meta» компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі 94 бейінді бетті алып тастады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.

Техникалық реттеу және Ветеринариялық бақылау комитеттерімен өзара іс-қимыл кезінде өткен жылы сәйкестік туралы 200 декларацияның күші тоқтатылды және жойылды, импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/933528