Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
15.02.2025 00:08:17 1126
Абай облысының барлық қала мен аудандарында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Оған 140-тан астам мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде 700-ге жуық тұрғын қамтылды. Оның ішінде 50-ге жуық адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.
Жәрмеңке барысында қатысушылар тікелей сұхбаттасу, түйіндеме тапсыру, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мансап орталығының мамандары тұрғындарға бос жұмыс орындары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936957