Қазақстанда мойынтіректер өндірісі 50%-ға өсті
16.11.2024 18:58:20 2561
2024 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізде мойынтіректер өндірісі сандық мәнде 1,5 есеге (50%) ұлғайып, 21,2 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 14,2 мың тоннаны құраған болатын.
Өндірістің артуына негізгі себеп – Қазақстандағы жалғыз өндіруші – Степногорск мойынтірек зауыты шығаратын цилиндрлік роликті мойынтіректерге тұтынушылық сұраныстың артуы болып табылады. Зауыт өнімінің 85%-дан астамы ЕАЭО елдеріне экспортталады. Бұл өндіріс орнының жүктемесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді және осы жылдың соңына дейін өнім өндіру көрсеткіштері төмендемейді деп болжануда.
Айта кетейік, цилиндрлік роликті мойынтіректер станоктарда, өндірістік редуктор жабдықтарында, көлік техникасында пайдаланылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/883878