ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

27.11.2024 20:08:10 1353

2024 жылғы 30 қараша күні Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шәрбиевтің Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
📍Кездесудің мекен-жайы: Қызылорда қ. Достық үйі, Ы.Жахаев көшесі 24 үй.
08:30 – 09:30 - азаматтарды жеке қабылдау;
09.30 – 10.30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
10.30 – 11.00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
📩Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 702 280 9442 және электрондық мекен-жайларға: Kzl_oti@mail.ru
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. +7 702 280 9442 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
#халықпенкездесу

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/891608