Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

01.02.2025 20:34:19 1141

20.01.
АСТАНА
Қазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды. Осылайша, еліміздегі мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.
МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.
22.01.
АСТАНА
Қазақстанның батысындағы екі ірі су қоймасы ұзақ жылдан соң алғаш рет жөнделді. Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы соңғы 58 жылда бірінші рет жөнделді.
Қазақстанның 16 облысында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді. Бұдан бөлек, 6 облыстың 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 1502 гидротехникалық құрылысты тексерді. Сондай-ақ, 105 гидроқұрылысқа көп факторлы зерттеу жүргізілуде.
Қазақстан мен Ресей су тасқыны кезеңінде ақпарат алмасу жөнінде келісімге келді. Бүгінгі таңда жұмыс тобының құрамы, ережесі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жапон сарапшылары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексерді. Шетелдік мамандар су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы нысандарды зерттеді.
Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеуге арналған 2 жүйе әзірленіп жатыр. «Tasqyn» жүйесі 135 өзен бойынша су тасқыны кезеңіне қатысты ұзақ мерзімді болжам алуға мүмкіндік береді. Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Су білім беру институты арасындағы меморандум аясында голландиялық Delft-Fews платформасына біріктірілген Talsim су тасқынын болжау жүйесі енгізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924824