Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу

21.02.2025 02:41:54 1435

10.02.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.

14.02.
АСТАНА
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2024 жылы еліміздің 6 өңірінде топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 8 жоба аяқталды. Бұл 208 мың тұрғыны бар 49 елді мекенді сумен қамту сапасын жақсартты.

13.02.
ФРАНЦИЯ
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросында (BRGM) тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында жерасты сулары туралы ақпаратқа, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін BDLISA дерекқорын зерттеуге баса назар аударылады.

11.02.
АСТАНА
2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ішкі аудит департаменті 18 кәсіпорында тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша 30-дан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, бірнеше лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

11.02.
АСТАНА
«ЭКСПО» халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында болашақ талапкерлер су саласындағы жұмысшы мамандықтар және өздері қызығушылық танытқан оқу орындары туралы толық ақпарат алды. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, панельдік пікірталастар және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі.

13.02.
АСТАНА
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Жұмысшы мамандықтар қаласы» республикалық фестивалі аясында студенттер және мектеп оқушыларымен кездесті. Вице-министр Арал теңізі мен Балқаш көліне су жіберу, халықаралық келісімдер және су саласы мамандықтарының мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

12.02.
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы тасқын суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Бүгінгі таңда каналдардың бас құрылыстарын жабылып, электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерістен өтті. Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған инертті материалдар қоры дайындалды.

13.02.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы инертті материалдар дайындау, бөгеттердің жоталарын және гидротехникалық құрылыстардың аумақтарын қардан тазарту, сондай-ақ жабдықтар мен арнайы техниканы дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

14.02.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
«Қазсушар» мекемесінің «Қ.Сәтпаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында электр жабдықтары мен көтергіш механизмдерді тексерді, сорғы станциялары мен бөгеттерге кірме жолдарды қардан тазарту жұмысын жүргізіп жатыр. Филиалға тиесілі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/939027