Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22-23 ақпанда өтеді

Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22-23 ақпанда өтеді

21.02.2025 04:01:25 506

Елордада 22 және 23 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 22 және 23 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/942317