Облыстық семинардың жұмысы туралы
24.02.2025 02:29:13 275
Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясымен 2025 жылғы 18 ақпан күні Риддер қаласында «Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының 2024 жылғы жұмысы және 2025 жылға қойылған міндеттер туралы» атты көшпелі семинар өткізілді.
Семинар-тренингке 13 қалалық/аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты.
Іс-шараға қатысушыларға ШҚО сайлау комиссиясының төрағасы К.К. Бичуинов, Риддер қаласы әкімінің орынбасары К. К. Төлеухан құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөздерінде спикерлер қазақстандық қоғамды демократияландыру, саяси реформаларды іске асыру мақсатында сайлау процесіне қатысушыларды тұрақты оқыту, жергілікті атқарушы органдар мен барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары арасындағы диалогты дамыту қажеттігіне баса назар аударды.
Семинар-тренинг іскерлік командалық ойын қағидаты бойынша жаңа форматта өтті, онда 4 команданың қатысушылары эрудицияларын көрсетіп, логикалық есептер мен сайлау заңнамасын білуге арналған кейстік тапсырмаларды шешті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/942596