Астанада Family park тұрғын үй кешенінің бір бөлігі бұзылады
24.02.2025 03:07:55 308
Астанада салынып жатқан Family park ТК-де заңсыз салынған ғимараттар бұзылып жатыр. Мұндай шешімді сот қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы бұрын «Өркен 777» ЖШС құрылыс салушысына қатысты «Family park» нысаны бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижелері бойынша бекітілген жобадан ауытқулар анықталды, осыған байланысты заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда тапсырыс беруші бұл талаптарды орындаған жоқ, нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.
Қазіргі уақытта арыздың талаптары қанағаттандырылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушысымен бірлесіп, заңсыз құрылысты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/943750