ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ 10 ТҮЛЕК «EKTU QUIZ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНА ҚАТЫСЫП, ОҚУ ГРАНТЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
24.02.2025 03:09:02 242
Бүгін Сарыағаш ауданында Дәулет Серікбаев атындағы ШҚТУ ректорының гранты үшін «EKTU QUIZ» зияткерлік сайысы өтті.
Аталған сайыстың мақсаты – дарынды жастарды анықтап, олардың білім деңгейін көтеру және жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттыру.
26 команда зияткерлік ойынның 5 кезеңінде білімдерін сынады. Жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып, болашақ мамандарды қалыптастыруға бағытталған сайыс тартысты өтті.
Біліктілікті анықтайтын сайыс нәтижесінде Алыбай батыр атындағы №14 мектебінің «Шабыт», №4 мамандандырылған мектеп-интернатының «Infinity» командасының қатысушылары жеңіске жетті.
Тартысты ойын соңында жеңімпаздар анықталып, 10 оқушыға ШҚТУ ректорының грант сертификаттары табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943586