Қарағандыда жастар үйі пайда болады

Қарағандыда жастар үйі пайда болады

25.02.2025 15:11:46 1045

Қарағанды жастар ресурстық орталығының жанында қала әкімдігінің қолдауымен өз ғимараты болады. Аумағы 410,5 шаршы метр болатын кең ғимарат белсенді және өршіл жастар үшін заманауи кеңістікке айналады, онда әркім өз идеяларын дамытып, жүзеге асыра алады.
Жастар үйінде тренингтік студия, шеберлік сабақтарына арналған аймақ және мәдени-ойын-сауық іс-шараларына арналған алаңы бар коворкинг орталығы жабдықталады. Жастар мұнда заңгер мен психологтың тегін кеңесін, кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық қолдау ала алады.
Қазір жобалау-сметалық құжаттама бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Қарағанды әкімдігі. Осы кезең аяқталғаннан кейін қала орталығындағы ғимарат күрделі жөндеуден өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/944942