Қарулы күштер мекемелерінің тауарларына, жұмыстарына және қызметтеріне тарифтер бекітіледі

Қарулы күштер мекемелерінің тауарларына, жұмыстарына және қызметтеріне тарифтер бекітіледі

01.03.2025 21:08:53 1243

Қорғаныс министрлігі «Қарулы Күштердің кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген мемлекеттік мекемелерінің билігінде калатын тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізуден түскен ақшасына тарифтер (бағалар) бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 63-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленді.
Құжатта жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына және қызметтеріне) тарифтер айқындалады.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 18 наурызға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15470168 сілтеме бойынша танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/948870