Ақтөбеде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірегей кәсіптер көрмесі өтті
04.03.2025 01:14:30 429
Әрбір мектеп түлектеріне болашақмамандығын саналы түрде таңдауға жәнееңбек нарығындағы ең сұранысқа иебағыттармен танысуға мүмкіндіктер ұсынылды.
Көрмені Ақтөбе облысының әкімі АсхатШахаров аралап, жастар арасында техникалықжәне жұмысшы мамандықтарды кеңіненнасихаттау қажеттігін алға тартты.
Оның сөзінше, жұмысшы мамандықтардыңдамуы – өңірдің экономикалық өсуінің негізгіфакторы, ал білікті мамандарды даярлау – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі.
Көрме өңірдің 21 кәсіпорны, 40 колледжіжәне әлеуметтік серіктестерінің басынбіріктірді. Оған қаладағы барлық мектептің 9-класс оқушылары шақырылды.
«Кәсіби ашық алаң» шарасындаколледждердің үздік тәжірибелері ұсынылып, өңір кәсіпорындары мен оқу орындарыарасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерікөрсетілді. Оқушыларға токарь, тігінші, шаштараз, жүргізуші, электрик және басқа да жұмысшы мамандықтары бойынша шеберліксабақтары ұйымдастырылды. Қатысушыларбұл арқылы тек мамандықтармен танысыпқана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде сынапкөруге, әртүрлі кәсіптерге қажетті дағдылардытүсіне алды.
Көрме техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне өз жетістіктері мен инновацияларын таныстыруға септігін тигізді. Мысалы, Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжі дауыспенбасқарылатын гуманоид робот пен ит-роботтыкөрсетті. Оларды қонақүй саласында қызмететуге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмеккөрсету және іздестіру-құтқаруоперацияларында қолдануға әбден болады.
Қобда көпсалалы колледжі жиһаз жасауғаарналған ағаш өңдеу бойынша шеберліксабақтарын өткізіп, қатысушыларға токарьлікдағдыларын сынап көруге мүмкіндік берді. Шалқар көпсалалы колледжі оқушылардыжүнмен сурет салу және киіз бұйымдарынжасау техникасымен таныстырды.
Көрмеде ерекше білім беру қажеттілігі бар жастарға арналған сирек кездесетінмамандықтар мен кәсіптерге ерекше назараударылды.
Кәсіпорын өкілдері колледждер жәнестуденттермен үшжақты келісімдер жасасумүмкіндігін талқылап, бұл түлектердің жұмысқаорналасуын жеңілдетуге жол ашты.
Сонымен қатар, көрме аясында бос жұмысорындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қатысушылар жұмыс берушілердіңұсыныстарымен танысып, түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, еңбек нарығындағызаманауи үрдістер, қызметкерлердің құқықтарымен жұмысқа орналасу шарттары туралыкеңестер алды.
«Кәсіби ашық алаңды» аралаған АсхатШахаров жұмысшы мамандықтардың өңір үшінүлкен мүмкіндіктер ашатынын тілге тиек етті.
«Біздің міндетіміз – жастарға сапалы кәсібибілім беріп қана қоймай, олардың жұмысқаорналасуына жағдай жасау. Жұмысшымамандықтар сұранысқа ие, тұрақты жәнеөңірдің дамуына кең мүмкіндіктер береді. Президент жариялаған Жұмысшымамандықтар жылы аясында жұмысшымамандықтарды дамытуға басымдық береміз. Осыған байланысты колледждерді заманауижабдықтармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Қазіргі уақытта 10 колледжді жабдықтаубағдарламаларын әзірлеп жатырмыз. Бізбәсекеге қабілетті және сұранысқа иемамандарды дайындауымыз керек», – депатап өтті облыс әкімі.
Бұл көрме жастарды техникалықмамандықтарға тартудағы маңызды қадамболды, сондай-ақ кәсіби өсу мен мансаптықдамудың нақты мүмкіндіктерін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/944864