"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің уақытша жұмыс істемеуі туралы

"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің уақытша жұмыс істемеуі туралы

27.03.2025 00:44:22 1112

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурыз сағат 12:00-ден бастап "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТСН ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) сәйкес салық төлеушілер қағаз ТСН, ЭШФ ресімдеуге және "ЭШФ"АЖ енгізуге құқылы:
-2025 жылғы 19 наурыздан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз жеткізгіште жазылған шот-фактура;
2025 жылғы 19 наурыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.
ЭШФ АЖ-ға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/959848