Сүйінші!!! Құрметті жерлестер Көкшетау туралы 5 әннің тұсау кесері өтті, қоржынымыз жаңа әндермен толықты!
29.03.2025 19:01:17 2458Наурызнаманың онкүндігі аясында, бүгін 1️9 наурыз – «Жаңару күнінде» ән мен күйдің бесігі атанған Көкше жерінде Көкшетау туралы 5️ ән өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының төрінде ән жанрына өзіндік өшпес өрнегімен мәңгілік із қалдырған, қазақтың көрнекті композиторы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Еңбек ері, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқов пен журналист, қазақтың лирик ақыны Еркеш Ибраһимнің 95 жылдығына арналған «Байғазыңа бес ән арнадым, ерке Көкше!» атты музыка мерекесі болды.
Мерекелік кештің арнайы қонағы Шәмші Қалдаяқовтың ұлы, дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Мұхтар Қалдаяқов қатысты.
Кеш барысында Еркеш Ибраһимнің сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың Көкшетау туралы 5 әні оркестрдің сүйемелдеуінде алғаш орындалып, өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, өнер көрсеткендер: К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі жетекшісі, Жанат Рашит, дирижері «Мәдениет саласының үздігі» Руслан Қойшыбаев,«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жәмиля Жарқымбаева, «Мәдениет қайраткерлері» Жанат Есов, Гүлжан Ахметова, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Эльмира Төлеубаева, ҚР «Шапағат» медалінің иегері Аякөз Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары “Гәкку” би ансамблі, жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» Гульмира Ордабаева, Сәрсенбай Хасенов, Серікболсын Бекмолдин, Өмірзақ Шешханұлы, Зәмзәгүл Смағұлова, Аманғали Жұматаев, Дариға Исмағұлова, Саида Сағди.
Музыкалық кеш барысында көрермендер «Ана туралы жыр» әнін шырқады.
Кеш соңында Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы әндердің тұсау кесерімен Ақмола облысы әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының атынан алғысын білдірді.
Қазақ вальсінің королі Шәмші әндерінен жан дүниесі жадырап, рухани ләззат алған көрермен өнерпаздарға алғысын айтып, тарқасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/961928