Қазақстандық балуандар Аммандағы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетті

Қазақстандық балуандар Аммандағы Азия чемпионатында лайықты өнер көрсетті

05.04.2025 22:20:22 374

2025 жылғы 25-30 наурыз аралығында Иордан Хашимит Корольдігінің астанасы – Амман қаласында Біріккен күрес әлемі (United World Wrestling) айдарымен күрестен Азия чемпионаты өтті. Турнир Азияның 39 елінен 370-тен астам спортшыны Әл-Хусейн жастар қалашығындағы Сумайя ханшайым атындағы аренасында жинады. Іс-шара аталған спорт түріндегі жылдың ең ірі құрлықтық оқиғасы болды.

Қазақстан құрамасы грек-рим күресі, әйелдер және еркін күресте нәтижелер көрсетіп, ел наградаларының қоржынын түрлі медальдармен толықтырды.

Грек-рим күресі бойынша Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: күміс – Әлімхан Сыздықов (130 кг), сондай-ақ қола – Ибрагим Магомадов (77 кг) және Шамиль Ожаев (87 кг).

Әйелдер күресінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанған Жәмила Бақбергенова мен 53 келіге дейінгі санатта қола жүлдеге ие болған Зейнеп Баянова көзге түсті.

Еркін күресте Қазақстан автивінде бес медаль бар: Нұрқожа Қайпановтан
(74 кг) алтын, Ризабек Айтмұханнан (97 кг) және Болат Сақаевтан (86 кг) күміс, сондай-ақ Азамат Дәулетбековтен (92 кг) және Рахат Қалжаннан (57 кг) қола.

Медаль иегерлерін марапаттау рәсіміне Азия күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов пен Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық медальдық есепте үшінші орын иеленді.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігі қазақстандық делегацияға ұйымдастырушылық және протоколдық мәселелер бойынша жәрдем көрсетіп, жарыстарда елдің лайықты өкілдігін қамтамасыз етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-amman/press/news/details/966342?lang=kk