«Кселл» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды

«Кселл» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы тергеп-тексеру аяқталды

10.04.2025 16:54:44 286

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы «Кселл» АҚ-ның үстем жағдайды теріс пайдаланумен байланысты оған қатысты тергеп-тексеруді аяқтады.

Тұтынушы шағымының мәні «Кселл» АҚ-ның «Алга-1» тарифтік жоспар бойынша интернетке қол жеткізу лимитінен асып түскеннен кейін 30 мыңнан астам теңгені есептен шығару және интернетке қол жеткізу үшін 1 Мб үшін 20 теңге тариф бойынша төлемақы алуды бастау туралы тұтынушыға хабарламау әрекеттері болды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ның әрекеттерінде kcell тауар белгісі бойынша ұялы интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде абоненттердің заңды құқықтарына қысым жасайтын тарифтік жоспарлар шарттарын белгілеуден (оның ішінде тарифтік жоспарларды мерзімінен бұрын қайта қосуда абонентте көрсетілетін қызметтердің бонустық топтамасы аяқталған кезде абоненттің мүмкіндігін шектей отырып, неғұрлым жоғары тарифтеуге өту туралы ақпаратты абоненттің назарына жеткізбеу, тарифтік жоспарлардың елеулі шарттары туралы абоненттерді тиісінше хабардар етпеу) көрінген үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері аяқталды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша «Кселл» АҚ-ға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотқа қарау үшін жіберілді.

Үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін тергеп-тексеру объектісіне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің 5 пайызы мөлшерiнде айыппұл салынады

Бұдан басқа, «Кселл» АҚ-ға Кәсіпкерлік кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және тұтынушыларға қаражатты қайтаруды қоса алғанда, олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/14234?lang=kk