Ақмола облысында 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу мәселесі қаралды

Ақмола облысында 2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу мәселесі қаралды

11.04.2025 05:27:28 572

2019 жылғы 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібін енгізу мәселелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласында аудан әкімдерінің және әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасарларының, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында қаралды.

Бүгін, 28 наурызда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г. Н. Әбдіқалықованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің әлеуметтік саланың бірінші басшылары құрамындағы жұмыс тобының сапары шеңберінде Ақмола облысының Көкшетау қаласында "Nur Otan"партиясының XVIII съезінде айтылған жаңа әлеуметтік шараларды орындау мәселелері бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, жұмыс тобының бағдарламасына көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу, "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ филиалына бару, "Денсаулық" денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы кеңес, Халықты жұмыспен қамту орталығына бару, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша кеңес, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, әлеуметтік әріптестікті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелері бойынша өңір активімен кездесу қамтылды.

Бұл ретте жұмыс сапарының маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен отырыс болды, онда табысы төмен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және табысын арттыру, табысы төмен азаматтарға қатысты ең өзекті мәселелерді шешу және бірінші кезекте қаралуды талап ететін мәселелер талқыланды.

«Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде азаматтарға лайықты өмір сүру деңгейін және әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету басты басымдық екенін атап өтті. Осыған байланысты біздің басты күш-жігеріміз бірінші бағыт бойынша жаңа әлеуметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған - табыстарды арттыру және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау», - деді Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінің, олардың орынбасарларының және ауылдық округ әкімдерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ сол күні Бердібек Сапарбаев әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады, оның барысында Ақмола облысы тұрғындарының бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19448?lang=kk