Эцқ-дан бас тарту, смс-парольдер, анықтамаларды алып тастау: МҚІА төрағасы халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру туралы
12.04.2025 16:54:16 3496Мемлекеттік қызмет істері агенттігі талдау жүргізді, оның барысында қолданыстағы стандарттар, регламенттер мен салалық ережелер бір-бірін 60% - ға қайталайтындығы және аталған құқықтық актілер арасында 180-нен астам сәйкессіздік анықталды. Агенттіктің ұсынысы бойынша 145 сәйкессіздік жойылды.
Агенттік стандарттарды, регламенттер мен салалық ережелерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін регламенттейтін бірыңғай құжатқа біріктіруді ұсынады, бұл қызмет көрсету тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді және қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуын азайтады.
Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығы алаңында МҚІА төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.
Бұл ұсыныстар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға түзетулер енгізу бойынша заңнамада көзделген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірінші оқылымда мақұлданды.
Анар Жайылғанованың айтуынша, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 72,5% электрондық форматқа ауыстырылды.
Ведомствоаралық жұмыс қорытындысы бойынша 588 қызмет бойынша автоматтандыру және оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 81% электрондық форматта қолжетімді болады.
«Агенттік халық арасында «электрондық үкімет» порталы арқылы да, түрлі сервистер арқылы да электрондық қызметтерді алуды белсенді түрде ілгерілетуде.
Электрондық-цифрлық қолтаңбадан бас тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Ұлыбритания,Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты алдыңғы қатарлы елдерде қолданылатын бір реттік смс-парольдерді аутентификациялау әдістері немесе бірыңғай сәйкестендіру нөмірі әдісі ретінде пайдалану есебінен электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдету ұсынылады.
Қазақстанда смс-парольдер тек қана 64 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қолданылады», - деді ол.
Бұдан басқа, азаматтардың жайлылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам алу үшін біз мемлекеттік қызметтер тізілімінен бір реттік анықтамаларды алып тастауды жоспарлап отырмыз.
«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тізілімнен басқа инстанцияларға растаушы мәліметтер ретінде ұсыну үшін қажетті әртүрлі анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың 62 түрін алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл тізімде сотталмағандығы туралы, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы, жылжымайтын мүліктің бар - жоғы туралы, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру және т.б. талап етілетін анықтамалар бар», - деп атап өтті А. Жайылғанова.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұйымдар азаматтардың оларды жинау уақытын жоғалтпай, ақпараттық жүйелерден дербес алатын болады.
Аталған шаралар кешені мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ халық үшін қол жетімділікті арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/press/news/details/27444?lang=kk