Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің алтыншы кезеңіне аккредиттеу туралы
14.04.2025 09:34:13 374Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,
Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 14-15 қыркүйекте орын алады.
Сіздерді 15 қыркүйекте «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).
Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 13 қыркүйекке сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын және паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін «Syrian talks» тақырыбымен accreditation@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.
Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/31252?lang=kk