Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының басшылығымен кездесті
18.08.2026 17:10:41 241Рияд, 2026 жылғы 17 тамыз – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбековтің Корольдіктің Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Имад Әл-Фахримен келіссөздері барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында қазақстандық өнімдерді Корольдіктің нарығына ілгерілету және саудтық бизнестің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сауда миссиялары мен бірлескен іскерлік іс-шараларды өткізу арқылы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытудың, сондай-ақ екі елдің бизнес өкілдері арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан – Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің әлеуетін белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, іскерлік байланыстарды дамыту және жаңа бастамаларды іске асыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында екіжақты тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға өсіп, 7 млн. долл. құрады.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда саудтық капиталдың қатысуымен 33 заңды тұлға тіркелген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1276049?lang=ru