Жылды қорытындылау және алдағы мақсаттар
14.04.2025 09:37:13 1692Үстіміздегі жылдың 8 ақпаны күні Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі Е.Абдрахмановтың қатысуымен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Мәжіліс барысында басқарманың 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысы мен 2019 жылғы міндеттері талқыланды. Алқа мүшелерімен басқарманың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданып, бекітуге ұсынылды. Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, алқа төрағасы М.Әбуова, облыстағы музейлер мен архивтердің жұмысы және оларды қосу жолымен оңтайландыру барысы туралы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Б.Бекмамбет мен Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің басшысы Н.Қуанышева және Сырдария, Қармақшы аудандарындағы мәдениет саласы бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2019 жылға міндеттері туралы тиісті аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары баяндама жасады.
Алқа отырысында сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті:
- Қазақстан Композиторлар және Журналистер Одағының мүшесі, күйші-композитор, өнер зерттеуші Нұржанов Балтабай Сәрсенбайұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен;
- Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Ыханова Құттықыз Шайыққызы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен;
- Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашылары Цой Татьяна Дмитриевна мен Салиева Оразкүл Иярқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен;
Сондай-ақ, Сыр өңірінің рухани-мәдени саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін саланың 15 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен, 27 қызметкер облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен және 31 қызметкер Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/34965?lang=kk