ШҚО әкімі аппаратының басшысы Цифрландыру басқармасы мен Ахуалдық орталықта болды

ШҚО әкімі аппаратының басшысы Цифрландыру басқармасы мен Ахуалдық орталықта болды

15.04.2025 17:55:17 1659

ШҚО әкімі аппаратының басшысы Е.Х. Текешов ахуалдық орталықтың жұмысымыен оның функционалдық мүмкіндіктерін және өңірдің негізгі процестерін мониторингтеудегі рөлімен танысып шықты.


Кешенді сандық шешімдер

Ахуалдық орталық 109, 112, Қоғамдық қауіпсіздік қызметтері мен "Сергек" АӨК бейнетіркеу және бейнеаналитика жүйесінің жобаларын іске асыру бойынша кешенді шешімдерді біріктіреді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында облыс орталығында "Мерген" аппараттық-бағдарламалық кешенінің ЖҚЕ бұзушылықтарын фотовидеофиксациялау жүйесі орнатылған. Оның құрамына 202 кешен кіреді, оның 93 – і қиылыстарда, ал 109-ы жолдардың желілік учаскелерінде орналасқан.


Ақпараттық қызметтердің функционалы

109 — қызмет-жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларды қабылдаумен, тіркеумен және өңдеумен айналысады.оның жауапкершілік саласына коммуналдық шаруашылық (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қалалық және үй маңындағы ортаны абаттандыру) бойынша ақпаратпен жұмыс, сондай-ақ шұғыл хабарламалар кіреді. Келіп түскен деректерге уақтылы ден қою үшін тиісті тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жедел беріледі.
Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет 112-Төтенше жағдайлар департаментін, полицияны және жедел медициналық көмекті қоса алғанда, шұғыл қызметтермен жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. 112 диспетчерлік қызметі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жедел ақпарат береді.


Өңірде цифрландыруды дамыту

Ахуалдық орталық 2019 жылдан бастап жұмыс істейді және өңір тіршілігінің 11 саласы бойынша деректер ағындарын біріктіреді. Орталықтың жұмысында Power BI құралдары мен жасанды интеллект технологиялары белсенді қолданылады, бұл деректерді талдауға, жағдайды болжауға және жедел басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және өңірді цифрландыру деңгейін айтарлықтай арттырады.
2024 жылы облыс әкімінің тапсырмасы аясында деректер тізілімін және тұрақты есептілікті цифрландыру жұмыстары басталды. Мемлекеттік органдардың ішкі процестеріне аудит жүргізілді, оның негізінде олардың ағымдағы жай-күйіне бағалау жүргізілді. Пилоттық ведомстволар үш облыстық басқарма болды: Ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы және ішкі саясат басқармасы. Жыл ішінде бұл жұмыс процестерді басқару мен автоматтандырудың тиімділігін арттыру үшін кезең-кезеңімен жалғастырылатын болады.
Цифрлық технологияларды дамыту және басқару саласында инновациялық шешімдерді енгізу азаматтардың сұраныстарына жедел ден қоюға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-uca/press/news/details/961412?lang=kk