ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
15.04.2025 18:07:32 253
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылдың наурыз айының 28 күні Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, кезекті отырысы өтті. Т.Әсіл төрағалық еткен жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, Арыс қаласы әкімі Қ.З.Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қ.Т.Ахметов, БАҚ өкілдері, есеп беретін тиісті бөлімдер басшылығы және қызметкерлері қатысты.
Қоғамдық кеңестің отырысында төмендегі мәселелер қаралды:
«Сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылғы атқаратын жұмыстарының есебі»
«Жиделі ауылдық округі әкімінің 2025 жылы атқарылатын жұмыстары туралы»
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы»
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамашылар атқарған жұмыстарына есеп берді.
Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/965306?lang=kk