Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді

Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысындағы ірі су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді

15.04.2025 18:07:48 275

Су тасқынына дайындық аясында Қостанай облысының «Қазсушар» филиалы Жоғарғы-Тобыл, Қаратомар және Амангелді су қоймаларында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлімдеді.

Қазіргі таңда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Жоғарғы-Тобыл су қоймасы мен Албарбөгет бөгетін ауқымды реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

20 наурыздан Жоғарғы-Тобыл қоймасына тасқын суы келіп түсе бастады. Бүгінде 42 млн текше метр су жиналды. Су қоймасы 76%-ға толы.

Қаратомар су қоймасына 39 млн текше метр су келіп түсті. Нысан 57%-ға толы. Суару маусымы басталар алдында шаруалардың сұранысына сай секундына 6-8 текше метр көлемінде су жіберу жоспарланып отыр.

«Бүгінде Албарбөгет бөгеті маңындағы Қабырға өзенінің су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы алғанда, Қостанай облысындағы «Қазсушар» филиалының нысандарындағы жағдай тұрақты және тұрақты бақылауда», – деді филиал директоры Дәурен Әбдіхамитов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/965440?lang=kk