Орман – ортақ қазына, оны өрттен сақтайық!

Орман – ортақ қазына, оны өрттен сақтайық!

15.04.2025 18:37:07 88

Өрт – аса қауіпті тілсіз жау. Апат айтып келмейді, сондықтан одан сақтану – әр азаматтың борышы. Әсіресе, күннің күрт ысуына байланысты табиғи өрттердің туындау қаупі жоғарылай түсуде. Мұндай кезеңде орман мен дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау аса маңызды.

Өрттердің көпшілігі орманмен шектесетін шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы ұйымдарының жерлерінде өсімдік қалдықтарын жағудан басталады. Сонымен қатар, табиғат аясында демалушылардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы орны толмас оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

Сондықтан табиғат аясына шыққанда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/969654?lang=kk