ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ
15.04.2025 18:38:58 264Түркістан қаласында премьер-министр облыс орталығындағы құрылыс барысын қадағалады. Үкімет басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.
Одан әрі Асқар Мамин облыс орталығының құрылыс барысын тексеріп, салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысы облыс әкімдігі ғимараттарының құрылыс нысандарын, медиа-орталықты, конгресс-холлды, "Нұр-сұлтан" алаңын, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар арасында Асқар Мамин спорттық және музыкалық мектептер, туристік бағыттағы колледж, стадион, оқушылар сарайы мен спорт сарайлары құрылысының барысын қарап шықты. Сонымен қатар, ол салынып жатқан қазақ драма театры, Неке сарайы, сондай-ақ аттракциондары бар саябақ, музыкалық субұрқақ және амфитеатр ғимараттарын аралап көрді.
ҚР премьер-Министрі қаланың тарихи-мәдени орталығында, Х. А. Яссауи мұражайын, "Ұлы Дала Елі" орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Шығыс моншасын, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығының ғимараттарын қайта жаңарту, Визит-орталық, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Одан соң премьер-министр жаңа саябақтың және қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарына барды.
Шымкентте Асқар Мамин қалалық кәріздік-тазарту құрылыстарының аумағында болып, сарқынды суларды тазарту жүйесі мен электр энергиясын өндіруге арналған тұнбаны өңдеу кешенінің (биогаз қондырғысы) жұмысын қарап шықты. Жұмыс сапарын аяқтай келе премьер-министр "Shymkent Bus" бірінші автобус паркіне барды, онда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20414?lang=kk