Көксай шағынауданында жаңғырту тұжырымдамасы аясында кезекті пәтер кілттері табысталды!

Көксай шағынауданында жаңғырту тұжырымдамасы аясында кезекті пәтер кілттері табысталды!

15.04.2025 18:39:44 44

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Еңбекші ауданы, Нұрлыбаев көшесі №6 апатты үйде тұратын 9 отбасыға жаңа пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады. Тұрғындарды қуанышты оқиғамен құттықтап, заманауи, жайлы баспанаға көшу — азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.


Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі — тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей,
әрленген жаңа қонысқа көшіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/970553?lang=kk