Қарағандылық тергеушілер – үздіктер сапында

Қарағандылық тергеушілер – үздіктер сапында

15.04.2025 18:41:12 55

Қарағандылық тергеушілер – үздіктер сапында
Қарағанды қаласында тергеу бөлімшелері арасында кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, олар мазмұнды әрі қызықты сәттермен ерекшеленді.
Аптаның басты шараларының бірі – «Үздік тергеуші» байқауы болды. Байқауға Қарағанды облысының әр өңірінен тәжірибелі тергеушілер қатысып, өз кәсіби шеберліктерін ортаға салды. Қатысушылар сот алқасына өз мамандығы жайлы эсселерін ұсынды. Сондай-ақ, процессуалдық құжаттарды әзірлеу барысында заңнаманы білу деңгейі тексеріліп, қатысушылар теориялық білім мен практикалық машықтарын қатар көрсетті. Байқаудың келесі жарқын сәті – мини-футбол турнирі болды. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 12 команда қатысып, жеңіске деген жігер мен ұйымшылдық танытты. Қызықты әрі тартысты өткен турнирде Орталық полиция бөлімінің тергеушілері бірінші орынды иеленіп, Михайлов полиция бөлімін артта қалдырды. Ал Теміртау қалалық полиция басқармасының командасы үшінші орынды еншіледі. Іс-шара аптаның соңында салтанатты жиын және концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Қарағанды облысы ПД басшылығы қызметкерлердің қылмыспен күрестегі қажырлы еңбегі мен адалдығын ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 7 қызметкер, ал Қарағанды облысы ПД басшысының өкімімен тағы 10 тергеуші марапатталды. Сонымен қатар, 6 номинация бойынша үздіктер анықталып, олардың қатарында «Үздік тергеуші», «Үздік жетекші» және басқа да аталымдар бойынша марапаттар табысталды. Шара барысында ардагерлер мен үздік қызметкерлердің ата-аналарына да құрмет көрсетіліп, оларға облыстық ПД басшысының атынан алғыс хаттар тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/971101?lang=kk