Әдеп жөніндегі уәкіл бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды
15.04.2025 18:43:10 242Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі 2025 жылғы 1 тоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы талаптарды сақтау мәселелері бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу, қызметтік тәртіп, мемлекеттік органның таратылуы (жойылуы), қайта ұйымдастырылуы, мемлекеттік орган ішіндегі басқару құрылымы өзгергенде, не штат саны қысқарғандағы мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдігі, мемлекеттік қызметті тоқтатқан жағдайда декларацияның тапсыру және басқа да мәселелер бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді.
Сондай ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары мен бөлімшелік басқармалар арасында келесі тақырыптар бойынша: «Қызметтік әдепті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау», «Мемлекеттік қызметшілерді шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қойылған міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы», «2024 жылғы тәртіптік практиканы талдау, мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп саласындағы заңнамаларды бұзуға жол бермеу» семинарлар өткізілді:
Семинар сабақтарының мақсаты мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына жол бермеу және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен тәуекелдердің алдын алу, мемлекеттік қызметшілерді шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында қойылған міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік шараларымен таныстыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде заңнаманы бұзуға жол бермеу, мемлекеттік қызмет өткеру кезіндегі заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын түсіндіру.
Сонымен бірге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі З.С. Байғаскинаны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті басқармасының басшысы Н.У. Мұхамбетовты, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ж. А. Халеловты шақырумен семинар өткізілді. Семинардың барысында мемлекеттік қызметшілер ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі аспектілерімен, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырумен және алдын алу құралдарының басымдығымен, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқымен, мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі бақылауымен және талдауларымен танысты. Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық істер бойынша статистика ұсынылды, бұл қабылданып жатқан шаралардың өзектілігін және осы бағытта одан әрі күш салу қажеттігін растады.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың салдарын және олардың алдын алудың сәтті мысалдарын көрсететін нақты оқиғалар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнематериалдар көрсетілді. Бұл бейнероликтер қатысушылардың сыбайлас жемқорлық проблемасының ауқымы туралы түсініктерін арттыру және хабардар болуын қалыптастырудың қуатты құралына айналды.
Іс-шара қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайту мен жоюда тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда түрлі құралдарды тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Наурыз мерекесі алдында жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің оның жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы лауазымға орналасу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактілерін анықтау мақсатында жүргізілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жеке деректерінің мониторингісі бойынша фактілер анықталған жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/971926?lang=kk