Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары

15.04.2025 18:43:27 44

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 21 қарашадағы № 410-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 412, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 299, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 327, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 401, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 450-НҚ, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 16, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 91, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 84, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 347, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 572/НҚ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 598 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 23 қарашадағы № 167 «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрықтарымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033681#z1678).

3. Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.

Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілмейді.

10. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

Мыналар:

1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

2) жаңа жұмыс орындарын құру;

3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

11. Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:

1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

2) материалдық емес активтерді сатып алу;

3) технологияны сатып алу;

4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

Бұл ретте, егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

21. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

2) Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидалары шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне немесе әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

 

4) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл-бір өнім" бағдарламасының финалисті болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-opredshivet/press/news/details/972015?lang=kk