Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
15.04.2025 18:43:30 44
Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысына А.Салимов төрағалық етті.
Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Ә.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, тұрақты комиссия мүшелері - Ғ.Елшібай, Қ.Жантөреева, Қ.Салыбек, Б.Байғараев, Б.Басымбек, М.Манапов, Х.Әшірбеков, Ж.Құрақбаев, Т.Садуов, Б.Сүлейменов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.
Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселені сессияның қарауына енгізуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan/press/news/details/972024?lang=kk