ӨКІЛ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ "QYZYLORDA OBLYSY KÁSІPODAQTAR ORTALYĞY" АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
15.04.2025 18:43:57 88Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы бірлестігінің төрағасы Максут Налибаевпен және облыстағы кәсіподақ ұйымның төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат Өкіл институты мен өңірлік Кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара әрекеттесуді нығайтуға бағытталған. Меморандум аясында тараптар бірнеше маңызды бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге келісті: еңбеккерлердің ҚР Конституциясында кепілдік берілген құқықтарын қорғау бойынша бірлескен жұмысшы топтар құру, жұмыс берушілердің қызметкерлерге өндірістік жарақаттануды және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алатын қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау құқығын сақтауына, қазіргі заманғы еңбек қауіпсіздігі құралдарын енгізуіне мониторинг жасау, ұсынымдар енгізу, түрлі мәселелер бойынша зерделеулер жүргізу, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, шағымдар бойынша жедел ақпарат алмасу, адам құқықтары жөнінде дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу.
Максут Налибаев азаматтардың құқықтарын бұзатын мәселелерді тиімді шешуде бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, тараптар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ағарту іс-шараларын өткізу қажеттілігін талқылады. Омбудсмен өз кеңсесінің басты міндеттерінің бірі ретінде халық арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізуге айрықша назар аударатынын мәлімдеді.
Меморандумға қол қою өңірде адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту мен азаматтар, мемлекеттік органдар және кәсіподақ ұйымдары арасындағы тиімді өзара әрекеттесу арналарын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/972179?lang=kk