Олжас Бектенов турларға тарих және мәдени ескерткіштерді интеграциялауды және олардың сақталуын қадағалап отыруды тапсырды

Олжас Бектенов турларға тарих және мәдени ескерткіштерді интеграциялауды және олардың сақталуын қадағалап отыруды тапсырды

15.04.2025 18:44:18 198

Үкімет отырысында Премьер-министр тарихи ескерткіштерді, көркем табиғи пейзаждарды және еліміздің басқа да көрікті жерлерін турларға интеграциялау қажеттігін атап өтті. Бұл ретте экологиялық талаптардың бұзылмауын, табиғи және мәдени ескерткіштердің сақталуын нақты қадағалап отыру маңызды.

Туристік қызметтер сервисінің сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

«Туристік гидтерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау керек. Ол үшін әр өңірде біліктілікті арттыру, туристік қызметтер сервисінің сапасын жоғарылату бойынша курстарды тұрақты негізде өткізіп отыру қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр.

@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972265?lang=kk