ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЖАПОНИЯНЫҢ АВТОЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ
15.04.2025 18:45:11 242Қазақстанның жол қызметкерлерімен кездесуді «TOKIO ROPE ALMATY» компаниясы өткізді. Қардан қорғау қоршауларды пайдалануда Қазақстанның климаттық жағдайы ескерілген.
Жұмыс сапары барысында Қоғам өкілдері «Цучиура Tokyo Rope» тростық қоршаулар дайындайтын зауытқа барды, сондай-ақ Токио және Джобан қаласындағы автобандарды көрді. Онда Жапон компаниясының технологиялары мен өнімдерін пайдалана отырып, қарды көлік өтетін бөліктің жағасына жинамай автожол арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қоршаулардың конструктивті ерекшеліктері көрсетілді.
Қазақстанда тростық қоршауларды қолдану үшін техникалық шарттарға сәйкестігі талап етіледі. Тростарды қолдана отырып барьерлік қоршауларды пайдалану Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының жол қозғалысы қауіпсіздігі зертханасының сынақтары барысында берілген нормативтермен реттеледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауа-райы үшін қардан қорғау қоршауларын әзірлеу туралы келіссөзге қол жеткізілді.
Сонымен бірге, Қоғам өкілдері Токио қаласында «Техно-ярмарка 2018» жол өнімдерінің көрмесіне қатысты, онда жолды абаттандыру, қар жинау және басқа да жол техникалары көрсетілген. Көрмеге жол құрылысы үшін өнімдер шығаратын халықаралық компаниялар қатысты.
Жұмыс сапарының соңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ TOKYO ROPE INTERNATIONAL INC компаниясымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Басқарма төрағасының орынбасары Берік Желдікбаев жол қауіпсіздігін арттыру және қауіпті учаскелер санын азайту Қоғам қызметінің басты міндеті екенін және жапондық әріптестері ұсынған қардан қорғау қоршауларын пайдалану мәселені шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Анықтама үшін: Компания TOKYO ROPE MFG.CO.LTD компаниясы 130 мың жылдан аса нарықта жұмыс істейді. Компанияның өнімі құрылыстың әртүрлі салаларында қолданылып жүр. Айта кететін жайт, Токyо Rope компаниясының тросстары Семей және Босфор борты (Түркия) қалаларында көпір салған кезде қолданылған және бүкіл әлем бойынша құрылыста кеңінен қолданылып жүр. Тростар коррозиядан қорғау үшін аллюминий және мырыш қоспасынан жасалған өте берікболат және құймадан жасалады. Сондай-ақ Алматы қаласы зауытында Медеу және Шымбұлақтағы тіке көлбеулерді бекіту үшін габиондар мен торлар шығарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/22723?lang=kk