ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЕСЕБІ

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІНІҢ ЕСЕБІ

15.04.2025 18:48:37 253

✅2025 жылғы 8 сәуір күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Мырзагалиева Айгуль Абаевна Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп кеңесінде 2024 жылы Департаментте атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
✅Әдеп жөніндегі уәкіліне бекітілген негізгі функцияларға сәйкес атқарылған жұмыстарға тоқталып, Департаментте өткізілген құқықтық оқыту семинарлары, мемлекеттік қызметшілерді заңнамаларға енгізілген өзгерістермен таныстыру, мемлекеттік қызметтегі шектеулерге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.
✅Сонымен қатар, Департаментте мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, қаланың көрікті жерлерімен танысу жұмыстары, спорттық шаралар өткізілгендігін айтты.
✅Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдауға мемлекеттік қызметшілермен қатар, басқа да азаматтар келіп, сауалдарына нақты жауап ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/973329?lang=kk