Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: Солтүстік Қазақстан облысында пластикалық терезелерді дұрыс орнатпау жағдайы орын алды
15.04.2025 18:49:39 198ҚР СИМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Қызылжар ауданының тұрғыны жүгінді, ол қалалық фирмалардың бірімен өзінің жеке үйінде пластикалық терезелер орнатуға шарт жасасқан.
Көрсетілетін қызметтердің құны толық көлемде төленген, алайда Орындаушы жұмысты тиісінше орындамаған. Өз өтінішінде тұтынушы орнатылған пластикалық терезелердің бірінде жақтаудың қисаюына байланысты екі қабатты терезе жарылғанын, бірақ Орындаушыға бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, кемшіліктер жойылмағанын атап өтті. Тұтынушының талаптарын орындаудан бас тартқан кезде Орындаушы екі қабатты терезені ауыстыру кепілдік жағдайы болып табылмайды деп мәлімдеген. Тұтынушы бұзушылықты растайтын дәлел ретінде өз өтінішіне жасалған шарттың көшірмесін, фотосуреттерін, шағымын және орындаушымен хат алмасуын қоса ұсынды.
Келіп түскен өтініш негізінде Департамент жосықсыз кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру тағайындады.
Тексеру барысында Орындаушы тұтынушының құқықтарын бұзғаны және шарттық міндеттемелерді толық көлемде орындамағаны анықталды. Орындалған жұмыстың нәтижесі сапасыз болып шыққан, ал тұтынушы көрсеткен кемшіліктерді заңда белгіленген мерзімде жоймаған.
Департамент қызметкерлері орындаушы тұтынушының талаптарын орындаудан заңды түрде бас тартпағанын атап өтті, өйткені жасалған шарттың талаптары бойынша оларға екі қабатты терезелерге тегін кепілдік қызмет көрсету қарастырылған.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағына сәйкес тұтынушының орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кездегі құқықтары
1. Тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктер табылған кезде өз таңдауы бойынша:
1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды;
2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды;
3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді);
4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.
Заңның 35-бабының 4-тармағына сәйкес оны орындау (көрсету) барысында анықталған жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері және орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктері, егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, тиісті талап қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде жойылуға тиіс.
Департамент жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісіне орындалған жұмыстың кемшіліктерін жою туралы нұсқама берді.
Нәтижесінде Орындаушы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындап, қызметтер кемшілігін жою мақсатында тұтынушыға басқа сапалы терезені орналастырып берді.
Бұл тұрмыстық жағдай тұтынушының өз құқықтарын қорғай алатындығын көрсетеді!
Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына құқық бұзылған жағдайда сатушыға (дайындаушыға, Орындаушыға) жазбаша шағыммен жүгінуді ұсынамыз.
Сондай-ақ, тұтынушылар Заңды түрде қойылған талаптар орындалмаған жағдайда аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/press/news/details/973681?lang=kk