2017 ЖЫЛЫ ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРДІ

2017 ЖЫЛЫ ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ 1 МЛРД. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРДІ

15.04.2025 18:55:35 253

Яғни, автомобильмен 3,3 млрд. тонна жүк, теміржолмен  – 272,1 млн. тонна, су көлігімен – 4,2 млн. тонна жүк тасымалданды.

Сонымен қатар, транзитті тасымал 20%-ға немесе 3,7 млн. тоннаға өсті. Жалпы транзит көлемі 18,1 млн. тонна деңгейінде қалыптасты, соның ішінде автомобиль көлігімен – 2,1 млн. тонна, теміржол көлігімен – 16 млн. тонна, су көлігімен – 1 тоннаға дейін жүк тасымалданған. Осылайша, тасымал көлемі бойынша жоспарланған барлық көрсеткіштер орындалды. 

Көлік комитетінің аумақтық органдарының жұмыс қорытындылары бойынша 193 мыңнан астам ауыр жүк көлігі (2016 жылмен салыстырғанда 9 %-ға артық); 15 мыңнан астам теміржол жылжымалы құрамы (2016 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық); 875 жолаушылар пойызы (былтырғы көрсеткіштен 3,5 есе артық) тексерілді. Анықталған заң бұзушылықтар саны 2016 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен (92 254 және 127 252 сәйкесінше). Салынған айыппұл сомасы 1,009 млрд. теңгені құрады. Яғни, бір жылда 4%-ға өскен.

Алқа отырысында ауыр салмақты автомобиль құралдарының жүріп-өтуіне бақылауды күшейту қажеттілігіне мән берілді. Осы мақсатта 2018 жылы көлік мәселелері жөнінде заң қабылдау жоспарланған. Бұл заң аясында автокөлік құралдарын тоқтатудың нақты себебін көрсететін автоматтандырылған бақылау енгізіледі. 

Сонымен бірге, автомобильдің салмақ параметрлерін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) кеңінен пайдалану бойынша жұмыстар жалғасады. Аталмыш жүйелердің 2013-2014 жылдардағы жұмысын ескере отырып, ААӨҚ тек қайта өлшеу бақылау тұрғысында қолданылады. Жалпы жыл соңына дейін іске қосылған ААӨҚ санын 20-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы халықаралық тасымалдар нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі алғашқы рет 52%-ға өсті. Бұл көрсеткішке жету үшін көлікті бақылау органдары келесі шараларды өткізді: тексерілген шетел автокөлік құралдарының саны 7,3%-ға, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасынан келген хабарламаларды 95%-ға жабу  және 2016 жылмен салыстырғанда қазақстандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат құжаттарын беру көлемі 12,8 %-ға ұлғайту. 

Биыл көлік саласындағы бизнес-процесстерді оңтайландырып,  қызмет көрсету мерзімі мен жеке рұқсаттамаларды электронды форматқа көшіру арқылы мемлекеттік қызметтер санын 35-тен 14-ке дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Теміржол саласында түбегейлі жүйелі шаралар қабылдау қажет. Мысалы, тасымалдау үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігін белгілейтін, олардың өзара қарым-қатынасын реттейтін, жолаушыларға қызмет көрсету стандарттарын енгізетін теміржол көлігі туралы жаңа Заң дайндалуда.

Биыл су көлігіндегі бақылауды оңтайландыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, заңнамаға тұзетулерді енгізу арқылы шағын көлемді кемелерге жүргізілетін  техникалық бақылау алынып тасталады және оларды тексеру тәртібі реттеледі, теңіз кемелерін тексеру мерзімі белгіленеді. Яғни, енді жарты жылда бір рет тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға бақылау жүргізу функциясы жойылады. 

Күн тәртібінде жеке Комитет пен оның аумақтық органдарының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселесі белгіленді. Комитет 2017 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Нәтижелерін ескере отырып, автомобиль көлігі саласында халықаралық тасымалдаушылар көлік құралдарының жүруіне алдын-ала онлайн тіркеу жасауды  енгізу жоспарланып отыр; жүріп келе жатқан көлік кұралдарына автоматтандырылған өлшеу жүйелерін орнату; автокөлік құралын тоқтату негіздемесі туралы заңнамалық түзетулер қабылдау, қағаз рұқсаттамаларын алып тастау. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/25808?lang=kk