Шетелдік дипломдарды тану: ХҚКО арқылы құжаттарды қалай рәсімдеуге болады

Шетелдік дипломдарды тану: ХҚКО арқылы құжаттарды қалай рәсімдеуге болады

28.04.2025 21:30:02 55

Қазақстанда шетелде білім алған азаматтардың саны артуда. Шетелдік білім беру ұйымдарында берілген дипломдар мен аттестаттарды ел аумағында пайдалану үшін оларды тану рәсімінен өткізу қажет.

Білім туралы құжатты тану – бұл шетелдік білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар немесе зертханалар берген құжаттардың түпнұсқалағын және шынайылығын ресми түрде растау процесі болып табылады. Қазақстанға шетелдік білім туралы құжаттармен оралған азаматтар оларды тану үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО)  немесе электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар талап етіледі:

  • Өтініш берушінің жеке куәлігі;
  • Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек;
  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымшалар, сондай-ақ олардың көшірмелері.

Егер білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалар шет тілінде ресімделген болса, олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылуы тиіс. Аудармада құжат мәтінімен қатар құжатта кездесетін мөрлер мен таңбалар да қамтылуы қажет.

Құжаттар түпнұсқа күйінде немесе нотариалды расталған көшірме түрінде қабылданады.

Өтінішті қарау мерзімі тапсыру тәсіліне және құжаттардың түріне байланысты.

Айта кету қажет, тану рәсімі шетелдік білім туралы құжаттарды ресми түрде еңбек қызметіне орналасу, оқуын жалғастыру немесе мемлекеттік лауазымдарға арналған конкурстарға қатысу мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, азаматтардың қолайлылығы үшін аталған мемлекеттік қызметті онлайн түрде алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өтініш берушілердің уақытын үнемдеуге және қызметке қол жеткізуді жеңілдетуге септігін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/985060?lang=kk