Жеке қабылдау өткізілді

Жеке қабылдау өткізілді

28.04.2025 21:30:17 110

   2025 жылдың 25 сәуірінде Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Т.О. Нажикановтың қатысуымен азаматтың өтініші бойынша жеке қабылдау өткізілді.
   Қабылдау барысында сот орындаушысының әрекеттеріне және атқарушылық іс жүргізу мәселелеріне қатысты қойылған барлық сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.
   Жеке қабылдаулар «еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/985027?lang=kk