Үйірлі шегірткелер

Үйірлі шегірткелер

09.05.2025 11:42:39 55

Үйірлі шегірткелер

Қазақстанда шегірткетәрізді жәндіктердің 270-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде 10–15 түрі – дәнді-дақылдарға, көкөністерге, жайылымдарға және шабындық алқаптарға зиян келтіретін қауіпті зиянкестер болып табылады. Ең қауіпті әрі зияндысы – үйірлі шегірткелер: азиялық, мароккалық және италиялық шегіртке.

Үйірлі шегірткелер үнемі бірігіп топтасуға бейім: дернәсілдерден тұратын шоғырлар – *жаушоғыл*, ал ересек даралардан құралған топтар – *үйір* деп аталады. Олар жаушоғылдар мен үйірлер түзіп, бір жерден екінші жерге топтасып көшеді.

Үйірлі шегірткелер егістікке үлкен зиян келтіріп, жергілікті халықтың азық-түлік қауіпсіздігі мен күнкөрісіне қауіп төндіруі мүмкін. Шегірткеге қарсы күресудің күрделілігі – олардың қашан және қайда пайда болатынын алдын ала болжаудың қиындығында болып табылады.

Италиялық шегіртке – Қазақстанда кең таралған зиянкестердің бірі, алайда оның ең көп шоғырланған аймақтары — Солтүстік және Батыс Қазақстан. Бұл зиянкес астықты-жусанды, көбінесе құмды топырақты дала мен шөлейт аймақтарды мекендейді.

 

Бұл түр — экологиялық тұрғыдан өте бейімді, түрлі мекенжай жағдайларына оңай бейімделе алады. Негізгі қоректік өсімдіктері — әртүрлі шөптесін өсімдіктер, дегенмен, шегіртке дерлік барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын, соның ішінде дәнді-дақылдарды да жаппай көбейген кезеңде зақымдай алады.

 

Жұмыртқадан дернәсілдердің (личинка) шығуы сәуір айының соңынан маусымның ортасына дейін жүреді. Дернәсілдердің даму кезеңі 40–55 күнге созылады және бес даму сатысынан өтеді. Ересек шегірткелер шілде айының басынан бастап кездеседі. Шағылысуы шілде–тамыз айынан бастап қыркүйекке дейін жалғасады.

 

 

Аналық шегірткелер құрғақ жусанды далалардың топырағына немесе  құрғақ жерлерге бірден төртке дейін жұмыртқа салған күбіршелерін (кубышка) қалдырады. Жалпы бір аналық шегіртке 120-ға дейін жұмыртқа (қыстайтын) салып кетуі мүмкін. Ересек шегірткелер жаздың соңында өзінің тіршілігін тоқтатады.

Азиялық шегіртке – Ересегінің денесінің ұзындығы 29–55 мм болатын, қоңыр немесе жасыл түсті болып келеді, үйірлі шегірткелер түріне жатады. Бұл зиянкес жұмыртқа түрінде қыстайды – жұмыртқалар 5–6 см тереңдікте жерге салынған *күбіртектері* болады. Көктемде нимфалар (дернәсілдер) жұмыртқадан шығып, топырақ бетіне көтеріледі.

Олардың дамуы 35–50 күнге созылады. Аналықтары – 60–80, кейде 120 жұмыртқаға дейін салады(2–3 күбіртек). Үйірлі түрдегі нимфалар *жаушоғыл* деп аталатын шоғырлар құрып, бірлесе қозғалады. Мұндай топтар 45 км-ге дейінгі қашықтықты еңсере алады.

2025 жылы Б. Майлин ауданының аумақтық инспекциясы бойынша үйірлі шегірткелерге жүргізілетін мониторингтік зерттеу көлемі – 152 мың гектарды құрайды.

Оның ішінде итальяндық шегіртке бойынша жалпы зерттелетін аумақ – 102,0 мың гектарды құрайды.Оның ішінде: 1,0 мың га – көктемгі күбіртектері,50,0 мың га – көктемгі-жазғы дернәсілдер, 50,0 мың га – жазғы имаго,1,0 мың га – күзгі күбіртектері.

Азиялық шегіртке бойынша зерттелетін аумақ – 50,0 мың гектарды құрайды. Оның ішінде:30,0 мың га – дернәсілдер (личинка),20,0 мың га – имаго (ересек даралар).

2025 жылға болжанған өңдеу көлемі  – 1,0 мың гектарды құрайды (үйірлі шегірткеге қарсы), оның барлығы мемлекеттік қор жерлерінде орналасқан: Белинский ауылдық округі – 0,2 мың га, Новоильин ауылдық округі – 0,4 мың га, Калинин ауылдық округі – 0,3 мың га, Әйет ауылдық округі – 0,1 мың га.

Шегірткемен күресте дернәсілдер (личинка) — негізгі нысаны болып табылады және оларға қарсы өңдеу көктем мезгілінде жүргізіледі. Өңдеулер кейде ерте көктемде күбіртектерге, немесе кеш көктем мен жазда имаголарға (ересек даралар) бағытталуы мүмкін.

Кей жағдайда механикалық және агротехникалық шаралар да қолданылады. Алайда шегірткеге қарсы күрестің негізгі тәсілі – химиялық препараттармен (инсектицидтермен) бүрку болып табылады. Бұл өңдеулер көбінесе жерүсті немесе авиациялық әдістермен жүргізіледі.

Шегірткеге қарсы әртүрлі өңдеу әдістері қолданылады:  

- Жалпы (сплошной) – зиянкес мекендеген бүкіл аумақ өңделеді;  

- Барьерлік – шегірткелердің қозғалыс бағытына қарай белгілі бір жолақтар өңделеді, ал аралықтар өңделмей қалады;  

- Локалды – тек дернәсілдердің шоғырланған  ошақтары өңделеді;  

- Шеткі– ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының айналасы өңделеді.

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР ӘКІМДІКТЕРІНІҢ, ХАЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ МЕНШІК НЫСАНЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

Үйірлі шегіртке зиянкестерінің дернәсілдері анықталған жағдайда, ауданның фитосанитариялық қызметтеріне дереу хабар беруіңізді сұраймыз.

Байланыс нөмірлері:

ҚР АШМ АӨК МИК «Бейімбет Майлин ауданының ААИ» ММ  

Айет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 12  

Байланыс нөмері: 8-71436-3-51-50, 8 747 131 99 31  

Бейімбет Майлин ауданы филиалы, «Фитосанитариялық диагностика және болжам РФДжБӘО» РММ

Айет ауылы, Е.Омаров көшесі, 15  

Байланыс нөмері: 8-71436-3-62-26, 8 777 415 79 18

Сонымен қатар, химиялық өңдеулер жүргізілетін кезеңде аралар мен мал жаюға арналған шекаралық-қорғаныс аймағын сақтау қажет  екенін назарларыңызға саламыз.

 

 

Беймбет Майлин ААИ

бас маманы – өсімдіктерді

қорғау және карантині

жөніндегі мемлекеттік

инспекторы                                                                          А. Урджегитова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/990682?lang=kk