«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқауы өтті
09.05.2025 13:52:47 33Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты облыстық байқауы өтті.
Бұл байқаудың басты мақсаты – ұлт намысы мен рухын оятқан тұлғаны таныту, оның ерлігін, еңбегін ұрпақтар арасындағы рухани байланыс ретінде дәріптеу. Бауыржан Момышұлының батырлығын, тұлғалық қасиеттерін еске алып, оны бүгінгі жастарға үлгі ету.
Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл толып отыр.
Кітапханамызда алғашқы рет ұйымдастырылған бұл байқау ІІІ кезеңнен тұрды:
I кезең «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша қатысушылар
Б. Момышұлының өлеңдерін жатқа оқыды
II кезең Оқылған шығармалардан қысқа көрініс қою
III кезең «Дұрыс жауап» батырдың өмірінен және шығармашылығынан әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылды.
Байқауға Баймендинова Мадина - С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директорның орынбасары, Жүнісов Мәжкен Талдықорған инновация колледжінің тарих пәні оқытушысы, Жолдасова Мақпал Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы, Рахимова Клара Талдықорған заң колледжінің тарих пәні оқытушысы және ақын Қалқаман Әбдірахман әділ қазылық етті.
ІІІ кезеңнің қорытындысы бойынша Қызырхан Ақерке І дәрежелі дипломмен, Салихат Аяулым ІІ дәрежелі , Бейсенгалиев Алдияр ІІІ дәрежелі дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталса басқа қатысушыларға алғыс хат табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/990890?lang=kk