Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу

Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу

09.05.2025 14:11:19 44

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері үшін Әдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының психологы Әсел Базарбаеваның қатысуымен «Құмар ойындарға тәуелділік, лудомания» тақырыбында семинар өткізілді.

         Лудомания–бұл адамның физикалық, психологиялық, қаржылық немесе әлеуметтік әл-ауқатына теріс әсер еткеніне қарамастан, құмар ойындарға деген қажеттіліктен зардап шегетін тәуелділік.

      Біздің міндетіміз – мемлекеттік қызметкерлер арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу. Біз осындай жағдайлардың алдын алуға назар аударамыз және қызметкерлерге мұндай қатысудың құқықтық салдары туралы ескертеміз, деп атап өтті Мемлекеттік кірістер департаменті басшының орынбасары Бауыржан Шәйкенов.

Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/990936?lang=kk