2025 жылы 2 мамыр күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
18.05.2025 22:28:17 9310
2025 жылы 2 мамыр күні Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірауыздан Қоғамдық кеңесінің төрағалығына Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлын сайлады.
Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жүсіпов Бекмұрат Қыдырбайұлы отырыстың күн тәртібін бекітті.
Күн тәртібінде:
1. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайлау туралы;
2. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру туралы;
3. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің комиссияларының төрағаларын сайлау туралы;
4. Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің төралқасын сайлау туралы;
5. Қоғамдық кеңестің Ережесін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Облыстық Қоғамдық кеңесте екі комиссия бекітілді.
Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңесінің экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Борашов Раббим Байбозұлы, әлеуметтік мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Тлеубаева Қаламқас Калиевна сайланды.
Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің Ережесі бекітілді.
2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.
Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-oblysy/press/news/details/988578?lang=kk