ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ: ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

18.05.2025 22:31:06 10439

Сіздерді 2025 жылдың 1 мамыр күні Сарыағаш ауданында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай жалпы халықтық жүгіруден «Бірлік жарысы» атты марафон өтетінін хабарлаймыз!

Жүгіру қашықтығы Көктерек ауылдық округі, Көктерек кенті "Келес" көшесінен бастау алып, Жартытөбе ауылдық округінің Бостандық елді мекеніндегі Ғ. Ғафуров атындағы жалпы орта мектебіне дейінгі аралықта өткізіледі. Марафон 18 жастан жоғары тұрғындар арасында, жалпы қашықтық 5 шақырым.

Марафонға қатысушыларды тіркеу 1 мамыр күні таңғы сағат 8:00-9:00 аралығында, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес төлқұжатын көрсете отырып:
+18 жас ер және қыздар арасында
+39 жас ер және қыздар арасында
+50 жас ер және әйелдер арасында өтеді.
МАРАФОНҒА 9:30-ДА СТАРТ БЕРІЛЕДІ
Келіңіздер, баршаңызды марафонға қатысуға шақырамыз!

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/982429?lang=kk