Қазақстан-Канада саяси консультациялары туралы
18.05.2025 22:39:06 396
Торонто, 2025 жылғы 3 наурыз – Қазақстандық делегацияның PDAC-2025 конференциясына сапары аясында Қазақстан мен Канада арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Америка департаментінің директоры Руслан Уразалин, канадалық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Еуразия департаментінің директоры Андреас Вайхерт басқарды.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты Қазақстан-Канада қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Дипломаттар бұдан бұрын қол жеткізілген саяси келісімдерді жүзеге асырудың, сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттырудың және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығын атап өтті.
Жалпы, Қазақстан-Канада келіссөздері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тараптардың өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/951389