Атырау радиосында дала өртінің себептері айтылды
31.07.2025 20:03:15 957
Атырау радиосында дала өртінің себептері айтылды
Бүгін Атырау радиосының тікелей эфирінде Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұғмет Нұртілек Ерболатұлы дала өрттерінің негізгі себептері туралы сұхбат берді.
Эфир барысында спикер жаз мезгілінде жиілейтін өрт оқиғалары, оның ішінде құрғақ шөп пен қоқыстарды рұқсатсыз жағу, немқұрайлы әрекеттер мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауы секілді басты себептерді атап өтті.
Сонымен қатар, алдын алу шаралары мен тұрғындардың жауапкершілігі жөнінде кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Атырау қаласы ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1043984?lang=kk