Қазақстан мен Кувейт инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашады
14.08.2025 17:11:04 186
Әл-Кувейт, 2025 жылғы 14 тамыз – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев елдің жетекші инвестициялық ұйымдарының бірі – Kuwait Investment Company компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы инвестициялық және экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Қазақстан елшісі еліміздегі қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтіп, экономиканың тұрақтылығын, энергетика, көліктік логистика және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда кең мүмкіндіктердің болуын атап өтті.
Kuwait Investment Company өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерттеуге қызығушылық танытты және өзара тиімді әріптестік шеңберінде іске асырылуы мүмкін нақты жобалар туралы пікір алмасты.
Тараптар байланыстарды одан әрі қолдау және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге бағытталған перспективалық бастамаларды пысықтау туралы уағдаласты.
Kuwait Investment Company 1961 жылы құрылған және Кувейттегі ең көне және ең беделді инвестициялық компаниялардың бірі болып табылады. Ұйым активтерді басқаруға, инвестициялық кеңес беруге және жобаларды қаржыландыруға маманданған. Компания Кувейттің қаржы секторын дамытуда маңызды рөл атқарады және экономиканың әртүрлі салаларына белсенді инвестиция салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1051136?lang=kk