ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағытарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда

ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағытарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда

19.08.2025 12:15:19 132

ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры оңалту, кәсіптік бағдар, денсаулық сақтау бағытарында жаңа жобаларды жүзеге асыруда
«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры өңірде 4 әлеуметтік жобаны іске асыруды бастады.
Көктемде «Samruk Umiti» жобасы іске қосылып, Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің 50 тәрбиеленушісіне жұмысшы мамандықтарын таңдауға, колледждерге түсуге, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына жұмысқа орналасуға көмек көрсетілуде. Бүгінде 9-сыныпты аяқтаған 11 бала жұмысшы және өзге де мамандықтар бойынша жергілікті колледждерге баруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, жобаның алғашқы нәтижелері жуырда вице-премьер Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Республикалық жастар форумында таныстырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында түрлі диагнозы бар, соның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар 70 балаға арналған аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығы ашылады. Қазіргі таңда Өскеменде оңалту орталығы, ерте араласу орталығы және аутизмі бар балаларға арналған үш бірдей «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жыл сайын шамамен 1000 бала кешенді көмек алады.
Ал 10 қыркүйектен 25 қыркүйекке дейін өңірде «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жұмыс істейді. Дәрігерлер, медиатор мен заңгер Предгорная, Тишинская, Черемшанка, Таусамалы, Күмістау, Бұқтырма, Заводинка, Тұрғысын ауылдарының тұрғындарына тегін медициналық және құқықтық қызмет көрсетеді.
Спорттық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024 жылдың шілдесінде Катон-Қарағай және Зайсан аудандарында 2 заманауи спорт алаңы ашылды. Сонымен қатар, «Саламатты болашақ» жобасы аясында Өскеменде ерекше балаларға арналған жүзу және бочча секциялары тегін жұмыс істейді.
Айта кетейік, соңғы 5 жыл ішінде ШҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы 1,2 млрд теңгеге 18 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/1053234?lang=kk