ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА
19.08.2025 13:59:24 224
Шымкент қаласында денсаулығында шектеуі бар азаматтарға арналған арнайы қызметтер көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 50 орынға арналған жаңа ғимараттың құрылысы қолға алынған.
Мекеме өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше қажеттілігі бар жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жұмыс істейді. Жаңа нысанның құрылысы 2024 жылы басталған, ал пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланған.
Жаңа ғимараттың іске қосылуы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, қала тұрғындарына қолжетімді жағдай жасауға септігін тигізбек. Сонымен қатар, заманауи стандарттарға сай салынатын орталықтың материалдық-техникалық базасы да айтарлықтай жаңартылатын болады.
Құрылыс барысы тұрақты түрде бақылауда ұсталып, жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде.